Жаңаөзенде химиялық қоспа толы резервуарлар отқа оранды

Сурет: Маңғыстаау облысы ТЖД баспасөз қызметі
27 наурызда мұнай сервис компаниясының территориясында өрт болды, деп хабарлайды Zakon.kz.

27 наурызда Жаңаөзенде ұңғымаларды күрделі жөндеуден өткізу бойынша қызмет көрсететін мұнай сервистік компанияның территориясында химиялық реагенттері бар 11 резервуар отқа оранды. Өрттің жалпы ауданы 120 шаршы метрді құрады.

Маңғыстау облысы ТЖД баспасөз қызметі хабарлағандай, төтенше жағдай жарылғыш газ тәрізді жану қаупі бар өнімдердің пайда болуына әкеліп соғуы мүмкін.

Өртті жоюға өрт сөндіру қызметінің 17 қызметкері мен 4 техникасы, сондай-ақ "Семсер - Өрт сөндіруші" және "Өрт сөндіру қызметі-М" мемлекеттік емес өртке қарсы қызметтерінің 2 техникасы мен 8 қызметкері жұмылдырылды.

Өртті сөндіру кезінде химиялық реагенттердің конструкциялары бір мезгілде салқындатылды.

Өрт ауыздықталып, оның себебі анықталу үстінде. 

Құрбандар мен зардап шеккендер жоқ.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз