Елімізде бірінші сыныпқа құжат қабылдау қашан басталады

Сурет: Zakon.kz
1 сәуірден бастап Қазақстанда бірінші сыныпқа қажет құжаттар қабылданады. Бұл туралы Zakon.kz-ке Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Ведомствоның мәліметінше, бірінші сыныпқа баруға өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 1 тамызға дейін жалғасады. Мемлекеттік білім беру қызметі egov.kz электрон үкімет веб-порталында және жергілікті атқарушы органдардың ақпараттық жүйелерінде қолжетімді.

Орта білім беру комитетінің бас сарапшысы Ерлан Маемеров бірінші сыныпқа ата-анасының немесе заңды өкілінің жеке өтініші негізінде алты жастан бастап қабылданатынын, өтініштің өзі ерікті түрде ұсынылатынын атап өтті. Оған баланың денсаулығы туралы анықтама - № 065у нысаны, баланың денсаулық паспорты 026/у - 3 және екі дана көлемінде 3*4 баланың фотосы керек.

"Өтініштер демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден жұмаға дейін қабылданады. Сонымен қатар 1-2 сәуір демалыс күндеріне сәйкес келетінін ескерсек, түскен өтініштің барлығы 3 сәуірде қаралады". Ерлан Маемеров

Қазақстанда жаңа оқу жылында 400 мыңнан астам бала бірінші сыныпқа барады деп болжанды.

10 наурызда енді Қазақстанда үлгерімі нашар және сабақтан қалатын оқушыларға жаңаша көмек көрсетілетіні белгілі болды.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Қайрат" пен "Ордабасы" 26 шілдеде Алматыда кездеседі

Тоқаев Қазақстан – Ресей өңіраралық ынтымақтастық форумында не айтты

26 шілдедегі Алматы мен Астанадағы валюта айырбастау бағамдары

Алматыда әйел тоғызыншы қабаттан құлап көз жұмды

2026 жылы АЕК, ең төменгі жалақы және зейнетақы қандай болады