Дәрігерлер Жамбыл облысында пышақталған ауыл әкіміне ота жасалғанын айтты

Сурет: gov.kz
Дәрігерлер 46 жастағы шенеуніктің өміріне қауіп төніп тұрмағанын айтады. Әкім бес күннен кейін ауруханадан шығуы да мүмкін, деп хабарлайды Zakon.kz.

Меркі ауданы Ойтал ауылының әкімі алты күн бұрын өз жұмыс орнында пышақталған. Суық қару денесінің бірнеше жерін жарақаттапты. Ол осыдан кейін есінен танып, шұғыл ауруханаға жеткізілген. Дереу ота жасалып, екі күнен кейін әзер есін жиған науқас бүгін жалпы палатаға ауыстырылыпты, деп хабарлайды КТК телеарнасы.

"Қарнынан пышақ жарақатын алған. Науқасқа жедел ота жасалды. Отадан кейінгі диагнозы - ұйқы безі басының жарақаты. Ота сәтті өтті. Қазір оның жағдайы қанағаттарлық деңгейде".Меркі ауданы ауруханасының бөлім меңгерушісі Алмас Парманқұлов


Әкімге пышақ жұмсаған жергілікті тұрғын болып шықты. Бірақ оның неліктен мұндай қадамға барғаны белгісіз. Полицейлер 42 жастағы күдіктінің мас болғанын айтады. Сондай-ақ, ол 2013 жылға дейін психдиспансерде тіркеуде тұрған. Қазір күдіктіге қатысты іс қозғалып, тергеу жүріп жатыр.

Айта кетсек, алдында Жамбыл облысында ауыл әкімінің пышақталғанын хабарлаған болатынбыз.

Тараз

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды