Алматы облысында түрмедегі "кибералаяқ" ел азаматтарын 25 млн теңгеге алдап соққан

Сурет: pexels
Алматы облысының прокуратурасы №12 түзеу мекемесінде жазасын өтеуші интернет-алаяқтық жасаумен айналысқандығын анықтады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Сонымен, 2020 жылдың маусым айынан 2023 жылдың қаңтар айына дейін Ж.А.Ш. түзеу мекемесі жағдайында ұялы телефондар мен ұялы операторлардың түрлі сим-карталарын пайдалану арқылы 25 млн теңгеден астам сомаға 200-ге жуық алаяқтық іс-қимыл жасағаны анықталды.

Бұл дерек 2023 жылы 2 наурызда мамандандырылған прокуратурамен ҚР ҚК 4 – тармағының 190-бабы 3-бөлігі - “Алаяқтық” бойынша көзделген құқық бұзушылық құрамы белгілері бойынша тіркеліп, Қонаев қаласының ПБ-ның тергеу бөлімшесіне берілді.

Тергеу іс-қимылдарын жүргізу барысында сотталғаннн Ж.А.Ш.-дан 2 ұялы телефон және 41 сим-карта тәркіленді, солар арқылы ватсап-арна желісі арқылы қоңырау шалып, хат жазысып отырған.

Қазіргі уақытта сотталғандар жасаған басқа да құқық бұзушылықтарды анықтау үшін біздің өңір бойынша және Қазақстан Республикасының басқа өңірлеріне қатысты деректер базасына мониторинг жүргізілуде.Бұдан басқа, мамандандырылған прокуратурамен түзеу мекемесі қызметкерлерінің әрекетсіздік фактілері "қызмет бойынша әрекетсіздік" - ҚР ҚК 370 – бабының 2-бөлігі бойынша тіркеліп, Алматы облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет департаментіне жолданды.

Алматы облысы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды