Көкшетауда жасөспірім тоғыз қабатты үйдің төбесінен секіріп, мерт болды

Сурет: видеодан алынды
2023 жылы 5 сәуірде Көкшетауда қайғылы оқиға орын алды. Жасөспірім тоғыз қабатты үйдің төбесінен секіріп, мерт болды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жантүршігерлік оқиғаның видеосы egovpress Telegram арнасында жарияланды.

Видеода кез келгеннің қабылдауына қиын оқиға тіркелгенін ескертеміз!


Ақмола облысының полиция департаменті Zakon.kz-ға жасөспірім өлімі фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары қолға алынғанын жеткізді. 

"2005 жылы туған кәмелетке толмаған баланың тоғыз қабатты үйдің төбесінен секіргені алдын ала анықталды. Алған ауыр жарақаттарына байланысты бозбала қаза тапты. Аталған фактіге сәйкес, полиция қызметкерлері ҚР ҚК 105-бабы 3-бөлігі ("Суицидке дейін жеткізу") бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады".

Облыстық полиция басқа ақпараттар жария етуге жатпайтынын атап өтті.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Қайрат" пен "Ордабасы" 26 шілдеде Алматыда кездеседі

Тоқаев Қазақстан – Ресей өңіраралық ынтымақтастық форумында не айтты

26 шілдедегі Алматы мен Астанадағы валюта айырбастау бағамдары

Алматыда әйел тоғызыншы қабаттан құлап көз жұмды

"Қазгидромет" үш қала тұрғындарына маңызды ескерту жасады