Атырау облысында қамыс өрті сөндірілді

Сурет: Атырау облысы ТЖД баспаөз қызметі
Атырау облысы Каспий теңізінің жағалауындағы қамыс өрті ауыздықталды. Облыстық ТЖД қызметкерлерінің мәлімдеуінше, өрт жалпы ауданы 1200 га амақты шарпыды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ведомство өкілдері өрт 6 сәуір кешке таман сөндірілгенін айтты.

"2023 жылғы 6 сәуірде сағат 21.30-да Атырау облысы Каспий теңізінің жағалауында қамыстың жануы жойылды. "Қазақстан Ғарыш сапары" космомониторингіне негізделген "Ақжайық" мемлекеттік табиғи резерваты ақпаратына сәйкес, өрттің жалпы ауданы 1200 га болды".Атырау облысы ТЖД баспасөз қызметі

Өртті сөндіруге Төтенше жағдайлар департаментінен 42 қызметкер мен 7 бірлік техника және "Ақ Жайық" табиғи мемлекеттік резерватынан 30 адам мен 9 бірлік техника, 2 қайық, 4 мотопомпа жұмылдырылды.

Сонымен қатар, қамыс өсімдіктерін сөндіруге «Қазавиақұтқару» АҚ-ның СТҚ-5 су төгетін құрылғысы бар МИ-8 тікұшағы жұмылдырылды. Өрт сөндіру кезеңінде тікұшақ өрт ошақтарына әуеден 86 рет, жалпы көлемі 260-қа жуық тонна су төгілді.

Атырау

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Магистратура бойынша білім гранттары иегерлерінің тізімі жарияланды

Ерлан Қарин: Президенттің тапсырмасы орындалды – Қазақстанның киелі нысандары ЮНЕСКО тізіміне енді

Балағат сөз үшін қандай жағдайда және қанша айыппұл салынады

Тоқаев Қазақстан – Ресей өңіраралық ынтымақтастық форумында не айтты

25 тамыздан бастап Қазақстанда жүргізуші куәлігінен айырудың жаңа негіздері күшіне енеді