Ақтөбе облысының бұрынғы әкімін қамауда ұстау мерзімі ұзартылды

Сурет: Facebook/YermekImantaev
Ақтөбе облысының бұрынғы әкімі Ермек Имантаевты қамауда ұстау мерзімі ұзартылды. Бұл туралы Zakon.kz басылымына 2023 жылғы 10 сәуірде Ақтөбе облыстық сотының баспасөз қызметі хабарлады.
"Мамандандырылған тергеу сотының қаулысымен қамауда ұстау мерзімі 8 мамырға дейін ұзартылды. Қаулы заңды күшіне енген жоқ",- деп нақтылады Ақтөбе облыстық сотының баспасөз қызметі.

Басқа ақпарат тергеу мүддесіне сәйкес жария етілмейді.

2023 жылғы 12 ақпанда Ақтөбенің мамандандырылған тергеу соты Ақтөбе облысының бұрынғы әкімі Ермек Имантаевты екі айға – 8 сәуірге дейін қамауға алуға санкция бергені белгілі болды. Ол лауазымдық өкілеттіктерін асыра пайдаланды деген күдікке ілінді.

Ақтөбе

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

9 қыркүйекте Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Инвестициялық серпін: Қазақстан 124 млрд долларлық қандай мегажобаларды жүзеге асырмақ?

Құрылтай регламенті: депутаттар қандай тәртіппен жұмыс істейді