Жанболат Мамай 6 жылға шартты түрде сотталды

Сурет: Zakon.kz
10 сәуірде Алматыда Жанболат Мамай шартты түрде 6 жылға сотталды, оға қоа публицистикалық қызметпен айналысу құқығынан айырылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жанболат Мамайды құқық бұзушылық жасады деп айыптаған қылмыстық іс (қызметтік міндеттерін атқару кезінде билік өкілдерін қорлау, көрінеу жалған ақпарат тарату және жаппай тәртіпсіздіктер ұйымдастыру (Қылмыстық кодкстің 378-бабы 2-бөлігі, 274-бабының 2-бөлігі3, 272-бабының 1-бөлігі) Алматы қаласы Бостандық ауданының №2 аудандық сотында қаралды.

"Жанболат Мамай кінәлі деп танылды. Сот жазаны тағайындау кезінде сотталған адамның мінез-құлқы және үш жас баласының болуын ескерді. Айыпты ауырлататын жағдайлар есептелмеді". Алматы сотының баспасөз қызметі

Сондай-ақ, бұл ретте билік өкілдерін қорлағаны үшін ескіру мерзімі аяқталуына байланысты іс тоқтатылғаны атап өтілді.

"Көрінеу жалған ақпарат таратқаны және Қылмыстық Кодекстің 63 – бабының негізінде жаппай тәртіпсіздіктерді ұйымдастырғаны үшін әлеуметтік желілерде қоғамдық-саяси қызметпен және публицистикалық қызметпен айналысу құқығынан 6 жылға айыра отырып 6 жылға шартты түрде бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды". Алматы сотының баспасөз қызметі

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз