Полиция Ақтөбеде анасы мен баласын айуандықпен өлтірген күдікті қалай анықталғанын айтты

Сурет: polisia.kz
Ақтөбе облысының полицейлері екі бірдей адам өлімі болған қылмысты ашты. Тәртіп сақшылары осы қылмысты жасады деген күдікпен 23 жастағы жергілікті тұрғынды ұстады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Полиция 29 наурыз күні Ақтөбе қаласындағы көпқабатты үйдегі пәтерлердің бірінен әйел мен оның кәмелетке толмаған ұлының мәйіті табылғанын еске слды. Әйелдің 13 жасар қызы Облыстық балалар ауруханасының жан сақтау бөлімшесіне ауыр жарақаттармен жатқызылған еді.

"Бейнебақылау камераларының көмегімен күдікті тұрғын үй-жайға кіріп, зорлық-зомбылық көрсетіп, екі адамды өлтіріп, қарақшылық шабуыл жасады деп анықталып, ұсталды".Ақтөбе облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі

Полицейлер бұл қылмысты жасады деген күдікпен 23 жастағы жергілікті тұрғын ұсталғанын нақтылады, ол жиналған дәлелдемелердің салмағымен қылмыс жасағанын мойындады.

"Күдікті қамауға алдынды. Тергеу жалғасып жатыр. ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес тергеліп жатқан қылмыстық іс бойынша өзге де ақпарат таратылуға жатпайды".Ақтөбе облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі


Ақтөбе

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Ербол Хамитовты III дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы Ресей Премьер-министрі Михаил Мишустинді қабылдады

Димаш Құдайберген маңызды үндеу жасады

Дабылды ескерту: Қазақстанда найзағай мен дауыл күтілуде

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаңа Конституция – әр азаматқа тең мүмкіндік пен стратегиялық даму кепілі