Қаралы қаңтар: Алматы әуежайын басып алу ісі бойынша сотта "Қазаэронавигация" РМК өкілінен жауап алынды

Алматыда қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотта қаңтар оқиғасы кезінде әуежайды басып алу ісі бойынша сот болып жатыр, деп хабарлайды Zakon.kz.

13 сәуірде сот процесі "Қазаэронавигация" РМК өкілі Алексей Афанасиден жауап алудан басталды.

Айыпталушы Қалас Нұрпейісовтің қорғаушысы одан айыптау неге негізделгенін сұрды. Адвокаттың пікірінше, Алексей Афанаси 5 қаңтарда болған оқиғаның куәгері емес, ол жағдайды үшінші тұлғалардың сөзінен білген.

Тағы бір айыпталушы Жанайдар Кәрменовтің адвокаты "Әуе көлігін тоқтату туралы шешім жарық жолақтарында электр қуаты сөнгенге дейін қабылданды ма?" деп сұрады.

Өз кезегінде Алексей Афанаси рейстер ғимаратқа шабуыл жасамас бұрын орындалғанын, рейстер ұшуға дайындалғанын, ұшып келетін рейтер болғанын айтты. Ол сондай-ақ жарық жүйесі шабуылдаушылардың талабы бойынша өшірілгенін атап өтті.

Бұл іс бойынша 5 адам айыпталып отыр: Әйгерім Тілеужанова, Қалас Нұрпейісов, Нұрлан Дәлібаев, Ермұхамет Шилібаев және Жанайдар Кәрмен.

Әйгерім Тілеужанова мен Қалас Нұрпейісов, ҚР Қылмыстық кодексінің 272-бабының 1-бөлігі (Күш қолданумен, қиратумен, өртеумен, бұзумен, мүлiктi жоюмен, атыс қаруын, жарылғыш заттарды немесе жарылыс құрылғыларын қолданумен, сондай-ақ билік өкiлiне қарулы қарсылық көрсетумен ұласқан, оның ішінде шетелдік көздерден алынған қаражатты пайдалана отырып жаппай тәртiпсiздiктi ұйымдастыру), ал Нұрлан Дәлібаев, Ермұхамет Шилібаев және Жанайдар Кәрмен ҚР Қылмыстық кодексінің 272-бабының 2-бөлігі (Күш қолданумен, қиратумен, өртеумен, бұзумен, мүлiктi жоюмен, атыс қаруын, жарылғыш заттарды немесе жарылыс құрылғыларын қолданумен, сондай-ақ билік өкiлiне қарулы қарсылық көрсетумен ұласқан, оның ішінде шетелдік көздерден алынған қаражатты пайдалана отырып жаппай тәртiпсiздiкке қатысу) бойынша айыпталып отыр. Бірақ ешқайсысы кінәсін мойындаған жоқ.

Еске салсақ, қаңтар оқиғасы кезінде әуежай бір апта бойы жұмыс істемеді. Осы уақыт ішінде қызметкерлер бүлінен нәрселерді қалпына келтірді. Негізінен шабуылдаушылар жалға алушылардың бутиктерін қиратып, әйнектер мен бейнекамераларды сындырған.
Алматы
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: