Мемлекет басшысы Ораза айт мерекесімен құттықтады

Сурет: Zakon.kz
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ораза айт мерекесімен құттықтауы Ақордада жарияланды, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Қадірлі отандастар! Баршаңызды Ораза айт мерекесімен шын жүректен құттықтаймын! Бұл – күллі мұсылман қауымының ұлық мейрамы. Ораза ұстаған жамағат осы мерекені асыға күтеді. Алыс-жақын ағайын бір-бірінің үйіне барып, жылы лебізін білдіреді. Халқымыздың ынтымағы нығайып, бірлігі беки түседі". Тоқаев

Ислам – имандылықты, бейбітшілікті, мейірімділікті дәріптейтін асыл дін. Осы игі құндылықтар елдің амандығы мен берекесін тілейтін ұлтымыздың салт-дәстүрімен біте қайнасып жатыр. Сондықтан бұл – бір шаңырақта тату-тәтті өмір сүріп жатқан барша жұртымыз үшін қадірлі ұғымдар.


"Ораза айт – елдігімізді еселейтін мереке. Біз мемлекетіміздің жарқын болашағы үшін қоғамдағы бірлік пен келісімді одан әрі нығайта береміз. Еліміздің әр шаңырағы бақыт пен қуанышқа бөленсін! Халқымыздың ырысы мен ынтымағы арта берсін! Айт қабыл болсын, ағайын!" - деді мемлекет басшысы.
Қазақстан
Қасым-Жомарт Тоқаев
ҚМДБ

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Каспий теңізінің тартылуынан Ресей аумағы ұлғайды

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

24 қазанда Астана мен Алматыдағы айырбастау орындарындағы валюта бағамы

Атырауда жоғары лауазымды шенеуніктің мәйіті табылды

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты