Көкшетауда мас жүргізуші жол апатына түрткі болып, үш адам зардап шекті

Сурет: pixabay
Көкшетауда жол апаты салдарынан үш адам, оның ішінде екі бала зардап шекті, деп хабарлайды Zakon.kz.

23 сәуірде Көкшетау қаласында Сүлейменов көшесіндегі көпірде жол апаты орын алды. 

Солтүстік бағытта келе жатқан Тoyota Camry 50-дің жүргізушісі қарсы жолаққа шығып кетіп, Mazda-323 көлігімен бетпе-бет соқтығысқан.

"Медициналық куәландыру қорытындысына сәйкес ,Toyota Camry 50 көлігінің жүргізушісі орта дәрежелі мас күйінде болған. Тексеру кезінде бұл азаматтың бір жыл бұрын көлік жүргізу құқығынан айырылғаны анықталды". Ақмола облысы ПД баспасөз қызметі

Жол-көлік оқиғасы салдарынан Mazda-ның жүргізушісі мен ондағы екі кәмелетке толмаған жолаушы (2 және 4 жас) түрлі дене жарақаттарымен облыстық көпсалалы ауруханаға жеткізілді.

Автокөліктер арнайы айып тұрағына қойылды. Сараптама тағайындалды. Осы факті бойынша ҚР ҚК 346-бабының 2-бөлігі, яғни "Көлік құралдарын басқару құқығынан айырылған және мас күйінде адамның көлік құралын басқаруы" бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары қолға алынды.

Toyota автокөлігінің жүргізушісі уақытша ұстау изольяторына қамалды.

Бұған дейін Алматы облысында апатқа ұшараған Mercedes автокөлігінің қаққа айырылғаны хабарланған болатын.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысындағы қайғылы жағдайға қатысты көңіл айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды Жұмысшы мамандықтары жылы деп жариялады

Түркістан облысында болған өрттен 12 адам қаза тапты

Елордалық фельдшер, марқұм Ұлдана Мырзуан "Ерлігі үшін" медалімен марапатталды

Ақмарал Әлназарова қызмет бабында қаза тапқан Ұлдана Мырзуанның отбасына көңіл айтты