БҚО бойынша көліктік бақылау инспекциясының қызметкерлері бірнеше рет пара алды деген күдікке ілінді

Сурет: Zakon.kz
Батыс Қазақстан облысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет облыстың көліктік бақылау инспекциясының лауазымды тұлғаларының пара алу фактілері бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстарын жүргізіп жатыр, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ведомствоның мәліметінше, инспекцияның үш қызметкері Т. есімді азаматтан Ресейден келетін шамадан тыс жүктемемен астық жүктелген ауыр жүк көліктерін Самара – Шымкент автожолы арқылы көліктік бақылаудың жылжымалы бекетінен кедергісіз өтуі үшін бірнеше рет пара алды деген күдікке ілінді.

ҚПК-нің 201-бабына сәйкес тергеу мүддесі үшін өзге де ақпарат таратылуға жатпайды.

Сонымен қатар Конституцияның 77-бабының 3-тармағының 1-тармақшасына және Қылмыстық-процесстік іс жүргізу кодексінің 19-бабының 1-бөлігіне сәйкес, әркім өзінің қылмыстық құқық бұзушылық жасаудағы кiнәлiлiгi осы Кодексте көзделген тәртiппен дәлелденгенге және соттың заңды күшiне енген үкiмiмен белгiленгенге дейiн кiнәсiз болып саналады.

Орал

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Қазақстанның 25 көрікті жерінің үздік топтамасы

Елімізде кейінгі бес жылда 5 мың шақырымға жуық теміржол салынды

Алматыда жаңа туған сәбиін тастап кеткен әйел ұсталды