Май шам жаққан: Ақтөбе облысында тұрғын үйден өрт шықты

Сурет: Ақтөбе облысы ТЖД баспасөз қызметі
2023 жылғы 25 сәуір күні кешке таман 112 пультіне Ақтөбе облысы Темір ауданының Шұбарқұдық кентінде екі қабатты тұрғын үйде өрт шыққаны туралы хабарлама түсті, деп мәлімдейді Zakon.kz.

Ақтөбе облысы төтенше жағдайлар департаментінің хабарлауынша, құтқарушылар көршілес пәтерден сегіз адамды құтқарған, оның ішінде бір бала болған. Зардап шеккендер жоқ.

Өрт сөндірушілер келген кезде тұрғын үйдің қонақ бөлмесі өртеніп жатқан.

"Өртті сөндіруге жеке құрамнан 5 құтқарушы мен өрт сөндіру техникасы жұмылдырылды. Өрт сағат 18:28-да сөндірілді. Өртің алаңы 20 шаршы метрді құрады. Өрттің шығу себебі – үй иелері май шам жағып, қараусыз қалдырған".Ақтөбе облысы ТЖД баспасөз қызметі

Ақтөбе олысы ТЖД өрт қауіпсіздігінің мына қарапайым ережелерін сақтауға шақырды:

Ақтөбе

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

Каспий теңізінің тартылуынан Ресей аумағы ұлғайды

Мемлекет басшысы Қазақстан халқын Республика күнімен құттықтады

Атырауда жоғары лауазымды шенеуніктің мәйіті табылды

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз