Қызылордада принтерден шығарылған жалған 20 мың теңгеліктермен есеп айырысып келген жігіт анықталды

Сурет: Zakon.kz
Қаржылық мониторинг агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаменті жалған банкноттарды сақтау және бірнеше рет өткізу фактісімен анықталған қылмыстық істі тергеуді аяқтады, іс материалы сотқа жолданды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ведомство өкілдерінің мәліметінше, Қызылорда қаласының 28 жастағы тұрғыны номиналы 20 мың теңгелік бірнеше банкнотты сақтағаны және оларды жанар-жағар май құю бекеті мен автобөлшектер сататын дүкенге өткізгені үшін айыпталды.

"Ол зат сатып алып, құны 20 мың теңгелік банкнотты өткізе отырып, қайтарымына ҚР Ұлттық банкінің түпнұсқа банкноттарын алып отырған. Азамат кінәсін толық мойындады".ҚР ҚМА баспасөз қызметі

Криминалист мамандардың зерттеуі барысында банкноттар Ұлттық банктің ақша белгісіне сәйкес келмейтіні және принтерде басып шығарылғаны анықталды.

ҚР Қылмыстық кодексінде бұл қылмыс үшін 5 жылдан 10 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы түрінде жауаптылық көзделген.

Қызылорда

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"СОЦИС-А" Құрылтай сайлауы бойынша экзитпол нәтижелерін жариялады

2026 жылғы 1 шілдеден бастап Салық кодексінде не өзгереді

Құрылтай сайлауында сайлаушылардың 74,19%-ы дауыс берді

Аптап ыстық пен өрт салдарынан Еуропада ескі бомбалар жарыла бастады

Алматыда өрт болды: тұрғындар эвакуацияланып, зардап шеккендерге көмек көрсетілді