Барсакелмес қорығында Қызыл кітапқа енген қызғалдақ гүлдеді

Сурет: wikimedia
Қызылорда облысының Арал ауданында Қазақстанның Қызыл кітабына енген Борщов қызғалдақтары гүлдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

ҚР ЭТРМ Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті таратқан мәлімет бойынша, Борщов қызғалдағы Барсакелмес қорығында гүлдеді.

"Әлемде қызғалдақтың 3000-ға жуық түрі бар. Біздің елімізде 35 түрі өседі, 18-і Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілген, оның ішінде Борщов қызғалдағы да бар".ҚР ЭТРМ Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті

Бұл қызғалдақ – ресейлік ботаник Илья Григорьевич Борщовтың есімімен аталған Арал теңізі өңірінің эндемигі. Аталмыш қызғалдақ түрі Барсакелмес қорығында көптеп кездеседі, сәуір-мамыр айында гүлдеп, мамыр – маусым айларында жемістенеді. Жемісі – үш ұялы көп тұқымды қауашақ.

Қазақстан
Қызықты

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Қазақстанның 25 көрікті жерінің үздік топтамасы

Елімізде кейінгі бес жылда 5 мың шақырымға жуық теміржол салынды

Алматыда жаңа туған сәбиін тастап кеткен әйел ұсталды