Қарағандыда азаматтық некедегі әйелі мен 2 жасар қызын кепілге алған күдікті ұсталды

Сурет: polisia.kz
Қарағандыда "Арлан" сарбаздары азаматтық некедегі әйелі мен 2 жасар қызын кепілде ұстаған күдіктіні ұстады, деп хабарлайды Zakon.kz.

26 сәуірде сағат 12.00 шамасында Қарағанды қалалық полиция басқармасына қарасты Теміржол полиция бөліміне қаладағы көпқабатты үйлердің бірінде жанжал болып жатқаны туралы хабарлама түсті. Оқиға орнына жедел тергеу тобы жіберіліп, хабарлама расталды.

"Белгілі болғандай, 24 жастағы азамат 21 жастағы бірге тұратын жары мен 2 жастағы қызын пышақпен қорқытып, күштеп ұстаған. Алайда ол ешқандай шарт қоймаған. Қаскөймен арадағы келіссөз үш сағаттан астам уақыт жүргізілді. Азамат ешқандай келіссөзге көнбеді. Сондықтанда кепілдегі адамдардың өміріне қауіп төнгендіктен, полиция қызметкерлеріне шұғыл шешім қабылдауға тура келді". Қарағанды облыстық полиция департаменті бастығының орынбасары Әбіл Әбілдин

Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері пәтердің есігін бұзған бетте, "Арлан" арнайы мақсаттың қызметкерлері бірден ішке кіріп, күдіктіні қолға түсірді.

Алдын ала болжам бойынша, азамат есірткілік масаң күйде болған. Жәбірленуші азаматша мен оның қызына ешқандай зақым келген жоқ. Олар дағдарыс орталығына орналастырылып, психологиялық көмек көрсетіліп жатыр.

"Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы ҚК-нің 126-бабы 2-бөлігі 3-пунктіне сәйкес қылмыстық іс тіркелді. Қазіргі уақытта тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр", делінген хабарламада.

Қарағанды

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз