Алматы облысының тұрғынынан 13 орам "синтетика" тәркіленді

Сурет: Zakon.kz
Алматы облысының полиция департаментінің Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері Қарасай ауданы тұрғынының есірткі заттарын тарату фактісін анықтады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ведомство өкілдері, жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде күдіктінің үйін тінту барысында салмағы 30,75 гр болатын синтетикалық есірткінің 13 орамы тәркіленгенін мәлімдеді.

ҚР Қылмыстық кодексінің 296-бабының 4-бөлігі (Аса ірі мөлшердегі есiрткi, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатынсыз заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау) негізінде сотқа дейінгі тергеу басталды.

Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.


Алматы облысы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Каспий теңізінің тартылуынан Ресей аумағы ұлғайды

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

24 қазанда Астана мен Алматыдағы айырбастау орындарындағы валюта бағамы

Атырауда жоғары лауазымды шенеуніктің мәйіті табылды

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты