Екібастұзда екі қабатты тұрғын үйдің шатыры отқа оранды

Сурет: видеодан алынды
Екібастұзда шамамен сағат 17.57-де Мәшһүр Жүсіп көшесіндегі екі қабатты тұрғын үйдің шатыры отқа оранды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қызыл жалын жалмаған аумақтың ауданы, әзірге анықталып жатыр. Павлодар облысы ТЖД баспасөз қызметі хабарлағандай, өрт әлі толықтай сөндірілген жоқ.

"Зардап шеккендер туралы ақпарат түскен жоқ. ТЖД күштерімен тұрғындар эвакуацияланды. Оқиға орнында ТЖД-ның жеке құрамынан 22 адам және 6 бірлік техника жұмыс істеуде. Өрт сөндірушілер арнайы баспалдақты пайдалан отырып, 30 адамды эвакуациялады, оның жетеуі – балалар", – делінген хабарламада.

Сонымен қатар, шатыры өртенген екіқабатты ғимарат ішінен өрт сөндірушілер 6 газ баллонын сыртқа алып шықты.

Павлодар

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды