Алматыда жалдамалы пәтерден қару-жарақ арсеналы табылды

Сурет: polisia.kz
Алматы тұрғыны қару-жарақ арсеналын өзі тұратын жалдамалы пәтерде жасырған. 1995 жылғы жігіт атыс қаруын заңсыз сақтады деген күдікке ілінді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Оның жалға алған тұрғын үйінен тегіс ұңғылы мылтық, екі винтовка, пневматикалық тапанша және әртүрлі калибрлі 400-ге жуық оқ-дәрі табылып, тәркіленді.

"Алдын ала болжам бойынша, бұл қару қылмыстық жолмен алынған болуы мүмкін. Тиісті сараптама тағайындалды. Сонымен бірге оның қару қолдану арқылы бұзақылық жасады деген күдікке ілінгені анықталды", – дейді Медеу аудандық ішкі істер бөлімінің бастығы Ілияс Өмірсеріков.

Сурет: polisia.kz

Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазір ҚР Қылмыстық кодексінің 287-бабының 3-бөлігімен және 293-бабының 3-бөлігімен қылмыстық істер тергеліп жатыр.


Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Франция мен Испаниядағы орман өрті: мыңдаған адам үйлерін тастап кетуге мәжбүр

ІІМ жалған ақпарат пен арандатушылық үшін жауапкершілік қарастырылғанын ескертті

ІІМ әлеуметтік желі қолданатын жасөспірімдерге маңызды ескерту жасады

Қазақстанда нысандарды бұзуға жаңа жолмен рұқсат беріледі

Екібастұзда қоқыс жәшігінен әйел адамның дене мүшелері табылды