Талғар қаласы маңында 18 жасар жүргізуші оқушы қызды қағып кетті

Сурет: Zakon.kz
1 мамырда Талғар қаласы маңындағы жаяу жүргіншілер жолағында 12 жасар оқушыны көлік қағып кетті. Оқыс оқиғаның видеосы әлеуметтік желіде пайда болды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Өңірлік полицияның баспасөз қызметінде нақтылап өткендей, аталған іс бойынша барлық қажетті сараптамалар тағайындалып, тергеу іс-шаралары қолға алынды.

Ведомствоның мәліметінше, Toyota-ны тізгіндеген 18 жастағы жүргізушісі Бәйтерек – Талғар тас жолымен келе жатып, оқушы қызды қағып кеткен.

"Алдын ала мәліметтер бойынша, кәмелетке толмаған қыз арнайы жол белгісі бар жерден жолды кесіп өтпек болған. Жол апаты салдарынан жаяу жүргінші түрлі дене жарақатын алып, Талғар қаласындағы ауруханаға жеткізілді". Алматы облысы ПД баспасөз қызметі

Аталған факт ҚР ҚК 345-бабының 2-бөлігінде қамтылған қылмыстық құқық бұзушылық белгілері бойынша Талғар ауданының ЕҚДБ-да тіркелгені де нақтыланады. 

Видео авторы жүргізушінің жоғары жылдамдықпен жолдың қарама-қарсы бетімен жүйіткігенін айтады. Сондай-ақ ол қыздың аяғы сынғанын да жеткізді.


Алматы облысы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстандық музыкант Сеул сахнасын бағындырды

Оралды қалың қара түтін басып, аспаннан күл "жауды" - видео

"Өрт қаупі жоғары". Еліміздің барлық дерлік өңірінде дауылды ескерту жарияланды

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Ресейде жаңа заң қабылданды: еңбек мигранттарының балалары 18 жасқа толған соң елден кетуі тиіс