Қарағандыда 85 жастағы зейнеткер өз ұлын өлтірді деген күдікке ілінді

Сурет: pixabay
Қарағандыда 85 жастағы зейнеткер 50 жастағы ұлын өлтірді деген күдікке ілінді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Облыстық полицияның мәліметінше, 26 сәуір күні Ермеков көшесіндегі пәтерлердің бірінен зорлық-зомбылықпен өлтірілген белгілер бар ер адамның мәйіті табылды. Оның жанында 85 жастағы анасы, яғни пәтердің иесі болған.
"Анасы мен ұлы облыстық психоневрологиялық диспансерде есепте тұр. Бұл факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабының 1-бөлігімен (Адам өлтіру) қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүріп жатыр". Қарағанды ​​облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі
Ведомство өкілдері ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабы аясындағы өзге мәліметтер жария етуге жатпайтынын атап өтті.
Қарағанды

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз