Ақтауда көпқабатты үйдің кіреберісінің шатыры опырылып, бір адам қаза тапты

Сурет: Facebook/Азамат Сарсенбаев
Ақтауда тұрғын үйдің кіреберісіндегі шатыр опырылып, салдарынан бір адам қаза тауып, тағы екі адам жараланды. Олар шатырды бұзып жатқан ПИК қызметкерлері болған, деп хабарлайды Zakon.kz.

Облыстық аурухананың мәліметінше, жұмысшылардың бірі оқиға болған жерде қайтыс болған, тағы екеуі жедел жәрдеммен ауруханаға жеткізілген. Зардап шеккендердің бірінің аяғы сынған, екіншісін дәрігерлер тексеріп жатыр. Екеуінің де жағдайы тұрақты.
"Тұрғын үй инспекциясы" мемлекеттік мекемесінің мәліметінше, 9-ықшамаудандағы 4-үйдегі жоспарлы жұмыс кезінде кіреберіс шатыры опырылып түсті. Өкінішке қарай, бір адам қаза тапты, екіншісі аяғынан жарақат алып, ауруханаға жеткізілді. Екеуі де ПИК қызметкерлері. Марқұмның отбасының қайғысына ортақтасып көңіл айтамыз", - деп атап өтті Ақтау қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі.

Сурет: Zakon.kz

Қайғылы жағдай болған жерді полиция қызметкерлері қоршауға алды, қазір онда тергеушілер мен төтенше жағдайлар қызметкерлері жұмыс істеп жатыр.

Ақтау

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстандағы зейнеткерлер қандай жеңілдіктер мен көмекке үміткер бола алады және оларды қалай алуға болады

Ерлан Қарин: Жаңа Конституция ел дамуындағы жаңа тарихи кезеңді бастайды

Қазан айында ел азаматтары қанша күн демалады

"Үсік жүріп, тұман түседі". Синоптиктер еліміздің бірқатар өңірінде дауылды ескерту жариялады

"Тұман түсіп, күн суытады". Дүйсенбіде еліміздің бірқатар өңірінде дауылды ескерту жарияланды