Павлодарда қоқыс үйіндісі өртеніп, қаланы қою түтін басты

Сурет: видеодан скриншот
12 мамыр күні таңертеңнен бері павлодарлықтар қаланы басқан қою түтінге шағымданып жатыр. Бұған қаладағы қоқыс үйіндісіндегі ірі өрт себеп болы отыр. Өрт сөндірушілер екінші күн қатарынан тілсіз жаумен күресіп жатыр, деп хабарлайды Zakon.kz.

Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің хабарлауынша, 11 мамыр күні сағат 17:06-да "Эко Әлем-ПВ" жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне қарасты қалалық үйінді аумағында шамамен 1,5 гектар қоқыс өртеніп жатқаны жөнінді хабарлама түскен.

"Елді мекендерге қауіп төніп тұрған жоқ. Өрт 12 мамырда сағат 06:33-те оқшауланды. Өрт шыққан жерде Төтенше жағдайлар департаментінің үш қызметкері мен бір техникасы, 15 "КамАЗ" автокөлігі мен "Эко Әлем-ПВ" ЖШС-нің жеті тиегіші, «Спецмашин» ЖШС*нің су тасығышы, «Водоканал» ЖШС-нің алты су тасығышы және тракторы жұмыс істеп жатыр". Павлодар облысы төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі

Қазіргі уақытта "Эко Әлем-ПВ" ЖШС қызметкерлері өртті өз күшімен сөндіріп жатыр.

«Құм себіліп жатыр, 14 техника жұмыс істеп тұр: үш бульдозер, төрт жүк тиегіш, жеті КамАЗ және "Эко Әлем-ПВ" ЖШС-нің 14 қызметкері. Павлодар облысы төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі


Павлодар

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

9 қыркүйекте Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

Қырғызстандық продюсер: қазақстандықтар Канье Уэстті "тартып алды" - енді Шакираның концерті де күмәнді

Астана, Алматы және Шымкенттегі валюта бағамы – 10 қыркүйек

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді