Шымкентте полиция көлігі құрылысы аяқталмаған ғимараттың іргетасына соғылды

Сурет: Instagram/police_shymkent
Шымкентте шақыртуға кетіп бара жатқан полицейлер жол апатына ұшырады. Зардап шеккендер жоқ, деп хабарлайды Zakon.kz.

Шымкент қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, полицей балаларды қағып кетпеу үшін құрылысы аяқталмаған ғимараттың іргетасына соғылған.

"11 мамырда сағат 18:30 шамасында Тұран ауданы полиция басқармасының Chevrolet Cobalt қызметтік автокөлігі шақыру бойынша оқиға орнына бара жатқан жедел-тергеу тобымен жол апатына ұшырады", – делінген хабарламада.

Белгілі болғандай, кенеттен бірнеше бала көшенің арғы бетінен жүгіріп өткен. Осы кезде көлік жүргізушісі қайғылы салдардың алдын алу үшін шұғыл жол жиегіне бұрылып, құрылысы аяқталмаған ғимараттың іргетасына соғылған. Оқиға салдарынан зардап шеккендер жоқ.

Қазір осы жайт бойынша полиция департаментінде қызметтік тексеру жүргізіліп жатыр.

Шымкент

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Үсік жүреді". Еліміз бойынша 28 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

Тоқаев шахмат олимпиадасында күміс алған Қазақстан құрамасын құттықтады

Qazaqstan Media Awards аясында "Тұмар" және "Үркер" ұлттық байқауларына өтінім қабылдау басталды

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Енді жанармай сапасын бақылау үшін жанармай құю бекеттері күтпеген жерден тексерілуі мүмкін