Елімізде тұрмыстық зорлық жасаған "агрессорлардың" тек 17%-ы ғана жазаланады

Сурет: pexels
ҚР Ішкі істер министрлігі 15 мамыр – Отбасы күні мерекесінің қарсаңында тұрмыстағы зорлық-зомбылық профилактикасы туралы айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

ІІМ өкілдері Қылмыстық және әкімшілік кодекстерде отбасылық жанжалдар, қол жұмсау және басқа да заңсыз әрекеттер үшін жауапкершілік қарастырылғанын еске салды.

ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы Ақмарал Серікбаева еліміздегі осы саладағы қазіргі жағдайға тоқталды.

Оның сөзінше, жыл басынан Тұрмыстық зорлық-зомбылық фактілері бойынша полицияға 35 мыңнан астам өтініш түсті (35 202). (2020 жылы – 179 096, 2021 жылы – 155 177, 2022 жылы-115 526, 4 ай. 2023 – 35 202)

Осылайша «агрессорлардың» тек 17%-ы ғана жазаланған.


"Полиция әр сигнал бойынша ден қою шараларын қабылдайды. Биыл әкімшілік жауапкершілікке 6 мың құқық бұзушы тартылды (5 958). 300 агрессор қылмыстық жауапкершілікке тартылды (301). Алайда көп жағдайда жәбірленушілер полиция қызметкерлері келгеннен кейін іс қозғауға арыз жазудан бас тартады. Өтінішсіз, қолданыстағы заңнамаға сәйкес, полиция қызметкері «үй тирандарын» жауапқа тарта алмайды. Сүйтіп «агрессорлардың» тек 17%-ы ғана жазаланды", - деді ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы Ақмарал Серікбаева.

Нәтижесінде жазасыздық жүгенсіздекке жол беріп отыр. Сондықтан статистика бойынша бұрын болған тұрмыстық жанжалдардың 12%-ы қайталанады.


Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысындағы қайғылы жағдайға қатысты көңіл айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды Жұмысшы мамандықтары жылы деп жариялады

Түркістан облысында болған өрттен 12 адам қаза тапты

Елордалық фельдшер, марқұм Ұлдана Мырзуан "Ерлігі үшін" медалімен марапатталды

Ақмарал Әлназарова қызмет бабында қаза тапқан Ұлдана Мырзуанның отбасына көңіл айтты