Екібастұзда медициналық орталықтың жанында ер адамды белгісіз біреу атып кетті

Сурет: pixabay
Екібастұзда 34 жасар ер адамды белгісіз біреу атып кетті, жарақат алған жігіт ауруханаға түсті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Павлодар облысы полиция департаментінің мәліметінше, 15 мамыр сағат 17:40 шамасында Екібастұз қаласы полиция басқармасының кезекші бөліміне М.Жүсіп көшесіндегі медициналық орталықтың жанында әйел адам көмек сұрап жатқаны жөнінде хабарлама түскен. Оқиға орнына жеткен полиция қызметкерлері бейнебақылау камераларынан жазбаларды алып, тексере бастаған.

"Белгісіз атыс қаруынан белгісіз адам Екібастұз қаласының 32 жастағы тұрғынына оқ атқаны анықталды. Ер адам ауруханаға жатқызылды. Оқиғаның мән-жайы мен себептері анықталып жатыр".Павлодар облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі

Сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.

"Күдіктілердің бірі ұсталып, УҰИ-ға қамауға алынды", – делінген хабарламада.

Полицейлердің мәлімдеуінше, қазір екінші күдіктінің орналасқан жерін анықтау және оны ұстау бойынша жедел-іздестіру іс-шаралары жүргізіліп жатыр.

Павлодар

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

24 қазанда Астана мен Алматыдағы айырбастау орындарындағы валюта бағамы

Каспий теңізінің тартылуынан Ресей аумағы ұлғайды

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

Атырауда жоғары лауазымды шенеуніктің мәйіті табылды

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты