Қазақстанға жалпы құны 50 млн теңге болатын смартфондарды заңсыз әкелмек болғандар ұсталды

Сурет: ҚР ҰҚК баспасөз қызметі
Елімізге жалпы құны 50 млн теңге болатын 220 смартфон заңсыз әкелінбек болды, деп хабарлайды Zakon.kz.

7 мамырда ҰҚК Шекара қызметі Жамбыл облысы бойынша департаменті "Қордай" өткізу пунктінде Қазақстанға бағыт алған ҚР азаматының басқаруындағы жолаушылар микроавтобусын тоқтатты.

"Автокөлікті тексеру барысында құпия орында жасырылған ілеспе құжаттары жоқ 220 смартфон табылды".ҚР ҰҚК баспасөз қызметі

Ведомство өкілдерінің хабарлауынша, тәркілеген мобильдік құрылғылардың бағасы 50 млн теңге шамасында болған.

Ұсталған ҚР азаматы мен тәркіленген жүк процессуалдық шешім қабылдау үшін аймақтық Мемлекеттік кірістер департаментіне берілді.


Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Айдос Сұлтанғали Олимпиада жүлдегерін жеңіп, әлем чемпионатында қола медальға ие болды

"Аяз, тұман, көктайғақ". Дүйсенбіде еліміздің 16 өңірінде дауылды ескерту жарияланды

Almaty Open турнирі: Медведев екінші жыл қатарынан бас жүлдені қанжығалады

Түркияда Қазақстан азаматшасы көз жұмды: СІМ қайғылы оқиғаны растады