"Мекеменің кіреберісіне ондаған кәмелетке толмаған бала мен жасөспірімдер жиналды. Кадрдан балалардың кезекте қалай қысылып тұрғанын көруге болады", - деп жазды видео авторы.
Назар аударыңыз! Бейнежазбада балағат сөздер бар.
Бұл жағдай төңірегінде желі қолданушыларының пікірі екіге жарылды, бірі қолдады, бірі дүрсе қоя берді:
- Осыны жария жасаған адам жауапқа тартылсын! Не масқара! Жастар жазым болуы мүмкін.
- Бізде тегін беруге болмайды. -50% десе де болатын еді ғой. Тағы да қазақ халқы масқара болды.
- Студенттер аш, оларды оқу орындарында ыстық тамақпен қамтамасыз ету керек.
- Қыздарға не жоқ?
Полицейлер шараны ұйымдастырушылар ҚР ӘҚБтК-нің 505-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылғанын айтты.