Ақмола облысында бұрынғы әкім пара бергені үшін сотталды

Сурет: Zakon.kz
Ақмола облысына қарасты Шортанды ауылының әкімі құқық қорғау органының қызметкеріне пара бергені үшін сотталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Көкшетауда 15 мамырда Шортанды ауылының бұрынғы әкімінің соты болды. Оған 4 жылға бас бостандығынан айыру жазасын орташа қауіпсіздіктегі түзеу мекемесінде өтеу жөнінде үкім шығарылды.
"Ол құқық қорғау органының қызметкеріне өзіне қатысты тергеліп жатқан қылмыстық істі тоқтату үшін 7,9 миллион теңге көлемінде пара бергені үшін кінәлі деп танылды", – деп хабарлайды ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті.

Сотталушы өмір бойына мемлекеттік қызметте және квазимемлекеттік секторда лауазымды қызмет атқару құқығынан айырылады.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанның жаңа Конституциясының толық мәтіні жарияланды

Қызылорда облысында екі ірі есірткі алқабы анықталды

Қазақстандағы орташа жалақы 460 мың теңгеден асты

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің функциялары кеңейді

Алматыда ер адам бірге ішімдік ішкен танысын пышақтап кетті