"Бурабай" ұлттық саябағында көп мөлшерде балық аулаған браконьерлер ұсталды

Сурет: unsplash
"Бурабай" ұлттық табиғи резерватының мемлекеттік инспекторлары Біржан сал ауданының полиция бөлімімен бірлесіп, 43 келіге жуық заңсыз балық аулау ісін анықтады, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Бурабай" МҰТП инспекторлары 15 мамырда қоршаған ортаны қорғау шаралары барысында Жөкей көлінен заңсыз балық аулау фактісін анықтаған.

"Полицейлермен бірлесіп, Темнобор орман шаруашылығының аумағында "Ауди" маркалы автокөлік тоқтатылды. Көліктің багажын тексеру барысында тиісті құжаты жоқ 42 келіден астам балық пен синтетикалық талшықтан жасалған ау табылды"."Бурабай" МҰТП баспасөз қызметі

Балық ерекше қорғалатын табиғи аумақтар құрамына кіретін Жөкей көлінен ауланған. Сонымен қатар "Бурабай" МҰТП-ның жануарлар дүниесіне келтірілген шығын көлемі 570 906 теңге болғаны айтылады.

"Облыстың төрт тұрғыны ұсталды. Оларға қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 335-бабы "Балық ресурсын, басқа да су жануарларын немесе өсімдіктерін заңсыз аулау" бойынша сотқа дейінгі тергеу амалы жүргізіліп жатыр", - деп қорытындылады баспасөз қызметі.

7 сәуірде Іледе браконьерлер мемлекеттік инспектор мен аңшыны суға батырып жібермек болғаны хабарланған еді.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды