Ресейде іздеуде жүрген есірткі сатушы Ақтөбеде ұсталды

Сурет: polisia.kz
Ақтөбе облысы полиция департаменті криминалдық полиция басқармасының қызметкерлері ҰҚК шекара қызметімен бірлесіп мемлекетаралық іздеуде жүрген Ресей азаматын ұстады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ұсталған кезінде ол Қазақстан азаматының жалған құжаттарын көрсеткен.
«Іздеуде жүрген үдіктінің үстінен ҚР Қылмыстық кодексінің 385-бабымен ( Жалған құжаттарды, мөртабандарды, мөрлердi, бланкілерді, мемлекеттiк пошта төлемі белгілерін, мемлекеттiк наградаларды қолдан жасау, дайындау немесе өткiзу) және 392-бабымен (Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк шекарасын қасақана заңсыз кесіп өту) қылмыстық іс қозғалды", –  делінген Ақтөбе облысы полиция департаменті таратқан хабарламада.

Ведомство өкілдерінің мәлімдеуінше, оған Ресейде есірткіні заңсыз сатқаны үшін ііздеу жарияланған.

Әйел уақытша ұстау изоляторына қамалды, қазір оны экстрадициялау және Ресей Федерациясының құқық қорғау органдарына тапсыру мәселесі қаралып жатыр.

Ақтөбе

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз