Үшаралда жардан ұшып кеткен көліктегі бір адам іздестіріліп жатыр

Сурет: видеодан алынды
Үштөбеде 17 мамырда сағат 01: 44-те өрт сөндіру бөліміне салонында үш адамы бар УАЗ автокөлігі жардан ұшып, Қаратал өзеніне құлағаны туралы хабарлама келіп түсті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Оқиға орнына Жетісу облысы ТЖД құтқарушылары мен Қаратал аудандық ТЖ бөлімінің қызметкерлері келіп жетті.

"Шақырту бойынша оқиға орнына келіп жеткен құтқарушылар Ақжар ауылынан 3 шақырым жерде ішінде 3 адам болған УАЗ автокөлігінің жартастан ұшып, Қаратал өзеніне түскенін анықтады, ондағы екі адам өз бетімен жағаға шыққан, өкінішке қарай үшінші азамат жоқ", - деп хабарлады өңірлік ТЖД.

Сағат 10.33-те сүңгуір құтқарушылар өзенде суға батқан көлікті тапты, қазіргі уақытта үшінші адамды іздеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. 

Іздеу жұмыстарына Жетісу облысы ТЖД-дан; Орман шаруашылығынан; Ақжар ауылынан тартылған 32 адам және 7 техника жұмылдырылды.


Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда педагогтардың біліктілігін арттыру курстарын өткізу ережелері жаңартылды

Қазақстандықтар 2026 жылғы шілдеде қанша күн демалады

Қасым-Жомарт Тоқаев: Ұлы Абайдың аманатына адал болайық!

Айына 8,7 млн теңге: қазақстандықтар қандай жалақыға жұмыс істеуге дайын

Жанар-жағармайды заңсыз әкету: полиция мұнай өнімдерінен пайда табатындарға бақылауды күшейтті