Алматы тауларында Аустралиядан келген турист жоғалып кетті

Сурет: Zakon.kz
Алматы тауларында аустралиялық турист жоғалып кетті. Оны іздеуге полиция қызметкерлері, төтенше жағдайлар қызметі мен еріктілер жұмылдырылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Хабарламада 21 мамыр күні Jake Michael Үлкен Алматы көліне серуендеу үшін Қазыбек би көшесі, 66-үйде орналасқан "727" хостелінен шыққаны жазылған.

Белгілері: арықтау келген, қара қысқа шашты, қой көзді, сақал-мұрт қойған.

Көрген-білгендер болса, 8 701 357 92 91 нөміріне немесе полицияға хабарласса болады.

Сондай-ақ қалалық ТЖД 22 мамырдан бері іздестіру-құтқару жұмыстары жүргізіліп жатқанын мәлімдеді. Жоғалған турист әлі табылған жоқ.

Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты