Абай облысындағы орман өрті тікұшақпен сөндіріліп жатыр

Сурет: ҚР ТЖМ баспасөз қызметі
Абай облысындағы өртті сөндіруге "Қазавиақұтқару" тікұшағы тартылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметінің мәліметінше, өртті сөндіруге бірден 2 экипаж жұмылдырылды.

Сондай-ақ орманадғы алапат өртті сөніруге Семей станциясының өрт сөндіру пойызы жіберілді. Пойыз Төтенше жағдайлар департаментінің 20-дан астам өрт сөндіру машинасын жабдықтады. Теміржолшылар 180 тоннадан астам су жеткізді.

Абай облысында 22 мамырдан бері алапат орман өрті сөндіріліп жатыр. Жалын 1100 гектар аумақты шарпыған.

2023 жылғы 22 мамырда "101" пультіне Бородулиха ауданында, "Ауыл" стансасынан 7 шақырым жерде Алтай аймағының Новенькое ауылында құрғақ шөп өртеніп жатқаны туралы хабарлама түскен.

Сағат 15:25-те Ресей Федерациясының Алтай өлкесінің Новенькое ауылының маңында құрғақ шөп өртеніп, өрт Абай облысы Бородулиха ауданындағы Ауыл стансасынан 7 шақырым жердегі "Семей орманы" мемлекеттік орман табиғи резерваты аумағын да шарпыған.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда педагогтардың біліктілігін арттыру курстарын өткізу ережелері жаңартылды

Айына 8,7 млн теңге: қазақстандықтар қандай жалақыға жұмыс істеуге дайын

Қасым-Жомарт Тоқаев: Ұлы Абайдың аманатына адал болайық!

Қазақстандықтар 2026 жылғы шілдеде қанша күн демалады

Ұлттық Банк 8 айда алғаш рет базалық мөлшерлемені төмендетті