Абай облысының әкімі орман өртін көктен барлап, тікұшақпен шолу жасады

Сурет: Абай облысы әкімдігінің баспасөз қызметі
Абай облысының әкімі Нұрлан Ұранхаев Бородулиха ауданындағы жекелеген учаскелерде өртті сөндіру жұмыстары жүргіліп жатқан орман алқабының аумағын тікұшақпен шолып шықты, деп хабарлайды Zakon.kz.

 Абай облысының әкімдігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, өңір басшысы жедел штабта көшпелі кеңес өткізіп, ТЖД басшысы Манарбек Шапағатов пен облыс әкімінің орынбасары Димитрий Гариковтың есептерін тыңдады.

"Мамандар жергілікті жерлерде кезекшілік етеді. Өртті сөндіру жұмыстары барлық ошақтарда жүзеге асырылуда. Басты міндет - елдімекендерге жалынды таратпай тезірек сөндіру. Ол үшін жедел штаб тәулік бойы жұмыс істейді. Орман қорына келтірілген залалды өрт толықтай сөндірілген соң есептейміз". Абай облысы әкімі Нұрлан Ұранхаев


Айта кетейік, қазіргі уақытта өртті сөндіру 3 учаскеде жүргізіліп жатыр. Өрттің таралуы толығымен тыйылды. Желдің күшеюіне байланысты тұзды көл ауданындағы 3-учаскеде өрт төменнен жоғарыға ауысты. Өртті сөндіру үшін 100 техника жұмылдырылды. Өрт таралмас үшін шетінен жер жыртылған.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

9 қыркүйекте Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы 2026 жылғы 1 шілдеде күшіне енеді

Қару-жарақ, оқ-дәрі және қымбат көліктер: қылмыстық топ мүшелерінен не тәркіленді

Әли Оқапов "Құрмет" орденіне қатысты дау-дамайдың салдары туралы айтты