Алматы тауларында үш турист құтқарылды

Сурет: ҚР ТЖМ РЖҚЖ баспасөз қызметі
Алматы тауларында "Три брата" шыңына шығып алған үш ер адам қатты жаңбырға байланысты қайта төменге түсе алмай, көмекке жүгінген, деп хабарлайды Zakon.kz.

28 мамырда кешкі 19:49-да ТЖМ Республикалық жедел-құтқару жасағының кезекші-диспетчерлік бөліміне, Алматы қаласы ТЖД-дан "Три Брата" шыңы ауданында үш ер адамның жаңбырдың астында қалып қойып, үстілері су болып, олардың бірі өзін нашар сезіне бастағаны туралы хабарлама келіп түскен.

"8 адамнан тұратын РЖҚЖ  құтқару тобы жедел түрде оларды іздеу үшін жолға шықты.  Сағат 22:58-де құтқарушылар Көк-Жайлау ауданынан екі туристті тауып, РЖҚЖ жедел көлігіне жеткізді, үшінші адам биіктен өз бетінше түскен. 1986 ,1998, 1982 жылғы үш ер адам құтқарылды. Туристердің біріне құтқарушы-медбике алғашқы медициналық көмек көрсетті, ол суықтап әрі аяғын жаралап алған екен".ҚР ТЖМ РЖҚЖ баспасөз қызметі

     

Төтеншеліктер тауға жалғыз бару қауіпті екенін, өзіңізбен бірге су, қосалқы киім жиынтығы, қуатталған қосымша қуат көзі, су өткізбейтін пакеттегі сіріңке және міндетті түрде алғашқы көмек жинағы болуы керектігін еске салады.

 

Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

9 қыркүйекте Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Инвестициялық серпін: Қазақстан 124 млрд долларлық қандай мегажобаларды жүзеге асырмақ?

Астана, Алматы және Шымкенттегі валюта бағамы – 10 қыркүйек