Оралда 9-сынып оқушысы көз жұмды

Сурет: freepik
БҚО-да 9-сынып оқушысы қайтыс болғаны туралы желіде ақпарат тарады. Сондай-ақ оның 8-сынып оқушысының қарны тұсынан ұрған соққысынан көз жұмғаны да айтылады. Осыған байланысты өңірлік полиция департаменті түсініктеме берді, деп хабарлайды Zakon.kz.

28 мамырда сағат 01:28 шамасында Орал қаласының көпбейінді балалар ауруханасына 2007 жылғы кәмелетке толмаған бала жеткізілді, ол есін жимастан жансақтау бөлімінде жан тапсырды.

"Бұл жағдай сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізілімінде тіркелді. Осы құқық бұзушылықты жасады деген күдік бойынша 2008 жылы туған кәмелетке толмаған Н. ұсталды, аталған фактіге сәйкес сараптама тағайындалды, сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр", делінген полиция хабарламасында.

ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жариялануға жатпайтыны да хабарланады.

Орал

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз