Шымкентте екі жасөспірім суға батқан баланы аман алып қалды

Сурет: Шымкент қаласы ТЖД баспасөз қызметі
10 мамырда Шымкентте екі жасөспірім 6 жасар баланы құтқарып қалды, деп хабарлайды Zakon.kz .

Бір топ баламен бірге суға түсуге келген Ердәулет пен Рамазан кішкентай баланың өзенге батып кеткенін естіген. Алғашында екеуі болған жайтқа сенбегенімен, оқиға орнына барған. Баланың денесі су бетінде қалқып бара жатқанын көрген балалар жансыз денені жағаға алып шыққан.

Баланың іші ісіп, көгеріп кеткенін байқаған Рамазан Амангелдиев тез арада реанимациялық әрекетке көшеді.

Досының шаршағанын көрген Ердәулет Шыңғысхан реанимациялау әрекетін жалғастырды. Үздіксіз қарқынды шаралар нәтижесін берді. Тұншығып қалған баланың аузынан су шығып, ол бірте-бірте тыныс ала бастаған.

Өзіне келген бала не болып жатқанын түсінбей, жылай жөнелген. Мұны көрген балалардың қуанышында шек болмапты.

Осылайша дер кезінде көмекке келіп, алғашқы медициналық көмек көрсеткен екі жасөспірімнің арқасында кішкентай бала аман қалды.


Шымкент

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Ербол Хамитовты III дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы Ресей Премьер-министрі Михаил Мишустинді қабылдады

Димаш Құдайберген маңызды үндеу жасады

Дабылды ескерту: Қазақстанда найзағай мен дауыл күтілуде

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаңа Конституция – әр азаматқа тең мүмкіндік пен стратегиялық даму кепілі