Солтүстік Қазақстан облысында оқушы қыз биіктен секіріп мерт болды

Сурет: Алматы қалалық әкімдігі
Бүгін әлеуметтік желіде Петропавл қаласының 9-сынып оқушысы өз-өзіне қол жұмсап, мерт болғаны туралы суыт хабар тарады. Өңірлік полиция департаменті аталған жайтқа қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды Zakon.kz.

31 мамырда сағат 15:15-те Петропавл қаласы полиция басқармасының "102" шұғыл байланыс желісіне Жамбыл көшесіндегі 16 қабатты тұрғын үйлердің бірінің төбесіне қыз баланың шығып алғаны туралы хабарлама келіп түсті.

Көрсетілген мекенжайға дереу жеткен полицейлер қызды жерден өлі тапты. Жедел-тергеу тобының қызметкерлері марқұмның жеке басын анықтады. Алдын ала болжам бойынша, 15 жастағы қала тұрғыны үйдің төбесінен өз бетімен секіріп кеткен.

"Аталған факт ҚР ҚК 105-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізілімінде тіркелді. Істің мән-жайларын жан-жақты зерттеуге бағытталған тергеу әрекеттері жүргізіледі, олардың нәтижелері бойынша түпкілікті процестік шешім қабылданатын болады".  СҚО полиция департаментінің баспасөз хатшысы Мадина Ерғалиева

Суыт хабар алдымен әлеуметтік желіде тараған еді.

Петропавл

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Ербол Хамитовты III дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы Ресей Премьер-министрі Михаил Мишустинді қабылдады

Димаш Құдайберген маңызды үндеу жасады

Дабылды ескерту: Қазақстанда найзағай мен дауыл күтілуде

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаңа Конституция – әр азаматқа тең мүмкіндік пен стратегиялық даму кепілі