Дәрігерлер 10-қабаттан құлап кеткен төрт жасар павлодарлық баланың жағдайы туралы айтты

Сурет: Zakon.kz
Павлодарлық дәрігерлер екі күн бұрын 10-қабаттағы пәтер терезесінен құлап кеткен төрт жасар баланың жағдайына қатысты мәліметтермен бөлісті, деп хабарлайды Zakon.kz.

30 мамырда кешке төрт жасар бала Павлодардың Целинная көшесіндегі 10-қабаттағы пәтер терезесінен ұшып жерге түсті. Бала шұғыл түрде жақын маңдағы ауруханаға - Сұлтанов атындағы облыстық клиникалық ауруханаға жеткізілді. Жағдайы тұрақтанғаннан кейін бала облыстық балалар ауруханасына ауыстырылды, деп хабарлайды Pavlodarnews.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің мәліметінше, дәрігерлер 10-қабаттан құлаған 2019 жылы туған баланың өмірі үшін әлі күресуде.

Айта кетсек, 30 мамырда 10-қабаттан құлап, ауыр жарақаттар алған төрт жасар бала ауруханаға жеткізілді. Дәрігерлер балаға бас миының жарақаты, мидың ісінуі, көп қан жоғалту, ауыр дәрежедегі геморрагиялық шок, гиповолемия және басқа да ауыр жарақаттарына байланысты өте ауыр жағдайда деген диагноз қойды.

Павлодар

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз