Атырау полициясы желідегі жантүршігерлік жол апатының видеосына қатысты түсінік берді

Сурет: видеодан алынды
Әлеуметтік желіде жол апатына түсіп, "мыжылып" қалған "ВАЗ 2114" көлігінің видеосы көптің қызу талқысына түсіп жатыр, деп хабарлайды Zakon.kz.

Видео сипаттамасында жол апатының Атырау облысының Қызылбалық ауылында болғаны нақтыланған.

"11-сынып оқушылары мектеп бітіру кешін атап өтіп, жол апатына ұшырады, көптеген адам зардап шекті", - делінген жазбада.

Атырау қалалық полиция басқармасы 1 маусымда сағат 12:20 шамасында Қызыл-Балық ауылы маңында Атырау – Дамба тас жолы бойында Honda Odyssey (жүргізушісі - 2006 жылғы) мен "ВАЗ 2114" (жүргізушісі - 1998 жылғы) көліктері соқтығысқанын хабарлады.

"Түрлі жарақат алған бір жолаушы мен көлік жүргізушісі Атырау облыстық ауруханасына жеткізілді. Тиісті құжаттар жиналады". Атырау қаласы ПБ баспасөз қызметі

Ведомство атап өткендей, "әлеуметтік желіде кәмелетке толмағандар көлік рөліне отырып, жол апаты салдарынан мектеп түлектері зардап шекті деген ақпарат шындыққа жанаспайды".

"Мектеп түлектері қалада көлікпен жүріп, терезеден бастарын шығарғаны туралы ақпарат болды, оған қатысты тиісті шаралар уақтылы қабылданды", - деп сендіреді қалалық полиция департаменті.
Атырау

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз

Мемлекет басшысы Қазақстан халқын Республика күнімен құттықтады

Қасым-Жомарт Тоқаев Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы