Түркістан облысында мемлекеттен тегін үй алып беремін деп сегіз адамды алдаған әйел ұсталды

Сурет: Zakon.kz
Түркістан облысында сегіз тұрғынды алдап, 5 млн теңге шығын келтірген күдікті құрықталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Түркістан облысының полиция департаментінің мәліметінше, Сарыағаш аудандық полиция бөліміне екі әйелден шағым түскен. Арызданушылардың айтуынша, таныс әйел мемлекеттен тегін тұрғын үй алып беремін деп сенімге кіріп, екеуінен 400 мың теңге ақша алған. Алайда арада біршама уақыт өтсе де, уәдесін орындамаған, ақшаны қайтармаған.

"Бұл жайтты полицейлер ҚР ҚК-нің 190-бабы (Алаяқтық) бойынша тіркеді. Жедел-іздестіру жұмыстары нәтижесінде алаяқтыққа қатысы бар тұрғын анықталды. Ол жұмыссыз, бұрын осындай алаяқтық қылмысы үшін сотты болған әйел болып шықты", – делінген хабарламада.

Күдікті әйел тұрғындарды үй алып беремін деп сендіріп, ақшаны жаратып жіберген.

Сондай-ақ сарыағаштық полицейлер күдікті әйелдің жалпы сегіз тұрғынды алдап, ақша алғанын анықтады. Жәбірленушілерге келтірілген жалпы шығын көлемі 5 миллион теңге.

Қазіргі таңда оған қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізіліп жатыр.


Шымкент

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысындағы қайғылы жағдайға қатысты көңіл айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды Жұмысшы мамандықтары жылы деп жариялады

Түркістан облысында болған өрттен 12 адам қаза тапты

Елордалық фельдшер, марқұм Ұлдана Мырзуан "Ерлігі үшін" медалімен марапатталды

Ақмарал Әлназарова қызмет бабында қаза тапқан Ұлдана Мырзуанның отбасына көңіл айтты