Тоқаев Жоғарғы сот төрағасы Асламбек Мерғалиевті қабылдады

Сурет: akorda.kz
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 5 маусым күні Жоғарғы сот төрағасы Асламбек Мерғалиевті қабылдады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Мемлекет басшысына еліміздегі сот жүйесін жаңғырту жұмысының барысы таныстырылды, деп жазды Ақорданың ресми сайты.

Жоғарғы Сот төрағасы сот пен судьялардың тәуелсіздігін қамтамасыз ету, судьялар корпусын білікті заңгерлермен нығайту, сондай-ақ сот үдерісінде азаматтар мен бизнеске берілетін кепілдікті күшейту міндеттерінің орындалуы жөнінде айтты.

Сонымен қатар Президентке сот қызметін аналитикалық тұрғыда күшейту, облыстық сот төрағаларының жауапкершілігін арттыру үшін қабылданып жатқан шаралар жөнінде мәлімет берілді.

Қасым-Жомарт Тоқаев сот жүйесіндегі реформаларды сапалы жүзеге асыру және қоғамның соттарға деген сенімін арттыру, сондай-ақ азаматтардың құқығын қорғауды күшейту жұмыстарын жалғастыру маңызды екеніне назар аударды.

Молния

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Каспий теңізінің тартылуынан Ресей аумағы ұлғайды

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

24 қазанда Астана мен Алматыдағы айырбастау орындарындағы валюта бағамы

Атырауда жоғары лауазымды шенеуніктің мәйіті табылды

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты