Абай облысында тағы да орман өрті бұрқ етті

Сурет: ҚР ТЖМ баспасөз қызметі
Абай облысының "Семей орманы" табиғи реверватында тағы да өрт шықты. Қызыл жалын Бородулиха ауданындағы Батпаев орманшылығының аумағында тұтанған, деп хабарлайды Zakon.kz.

Төтенше жағдайлар департаментінің дағдарыс орталығында жедел штаб құрылды. Алдын ала болжам бойынша 0,3 гектар аумақ жанып кеткен.


"Семей орманы" МОТР аумағындағы орман алқабындағы өртті жоюға қазіргі уақытта барлығы 175 адам, 48 техника және Казавиаорманқорғау ұжымынан 2 тікұшақ жұмылдырылды, оның ішінде Абай облысы ТЖД-дан 85 адам және 19 техника, орман шаруашылығынан 72 адам және 25 техника, Абай облысы Полиция департаментінен 15 адам және 3 техника, Апаттар медицинасы орталығынан 3 адам және 1 техника".ҚР ТЖМ баспасөз қызметі

Айта кетсек, 22 мамырда Абай облысында орман өрті бұрқ етті. Қызыл жалынды 25 мамырда оқшаулау мүмкін болса, оны толықтай жою сәті 26 мамырда бұйырды.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

9 қыркүйекте Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы 2026 жылғы 1 шілдеде күшіне енеді

Қару-жарақ, оқ-дәрі және қымбат көліктер: қылмыстық топ мүшелерінен не тәркіленді

Әли Оқапов "Құрмет" орденіне қатысты дау-дамайдың салдары туралы айтты