Абай облысындағы орман өртін сөндіруге 300-ден астам адам жұмылдырылды

Сурет: ҚР ТЖМ баспасөз қызметі
"Семей орманы" резерватындағы өртті сөндіруге жұмылдырылған адам саны 300-ден асты, деп хабарлайды Zakon.kz.

ҚР ТЖМ баспасөз қызметінің мәліметінше, 9 маусым күні таңертең Семей орманындағы өртті сөндіруге қатысып жатқандар саны екі есеге артты. Қазір оқиға орнында Төтенше жағдайлар министрлігінің, Орман шаруашылығы комитетінің, Қорғаныс министрлігінің 300-ден астам адамы, 70 техникасы жұмыс істеп жатыр.

"Төрт тікұшақ тартылды, өрт аумағы аэровизуалды тексеріліп, өрт ошақтарына су төгілді".ҚР ТЖМ баспасөз қызметі

Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильиннің өкімімен күштер мен құралдарды үйлестіру үшін өрт орнына ТЖ вице-министрі М. Күлдіков жіберілді.


Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз