Семейде орман өртіне байланысты ТЖ режимі енгізілді

Сурет: ҚР ТЖМ баспасөз қызметі
Семей қаласының әкімі Нұрбол Нұрсағатовтың шешімімен жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдай режимі жарияланды, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Семей орманы" мемлекеттік орман табиғи резерватының территорясында өрттің туындауына байланысты (Батпаев орманшылығы 66, 67, 55, 42 кварталдары) Семей қаласының аумағында жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдай режимі жариялансын", делінген құжатта.

Сонымен қатар, Абай облысының Бородулиха ауданында ТЖ режимі әлі өз күшінде қалып отыр. 

Абай облысында орман өртінің ауданы 30 мың гектарға дейін ұлғайды. Қазіргі уақытта Абай облысында өртті сөндіруге ТЖМ-ның, Орман шаруашылығы комитетінің, жергілікті атқарушы органның және Қорғаныс министрлігінің 600-ден астам адамы мен 168 техникасы жұмылдырылған.

Одан бөлек, өртті сөндіруге алты тікұшақ тартылды. Олар көктен шолу жүргізіп, су шашуда.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

Каспий теңізінің тартылуынан Ресей аумағы ұлғайды

Атырауда жоғары лауазымды шенеуніктің мәйіті табылды

Мемлекет басшысы Қазақстан халқын Республика күнімен құттықтады

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты