"Қаратұрын Южный" мұнай-газ кен орнында алапат өрт болып жатыр

Сурет: видеодан алынды
9 маусымда сағат 3:25-те "Бозашы Мұнай" ЖШС "Қаратұрын Южный" мұнай-газ кен орнындағы Южный учаскесінде №303 ұңғымаларды бұрғылау кезінде 1088-1090 метрге жеткенде ашық газға ұласқан газ-су қоспасы атқылады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Маңғыстау облысы ТЖД баспасөз қызметі атап өткендей, атқылаған жалынның биіктігі 10 метрді қамтыды.

"Бүгін, №303 ұңғымадағы өрт туралы хабарлама алғаннан кейін "Бозашы" ЖШС "Қаратұрын Южный" кен орнына Маңғыстау облысының Төтенше жағдайлар департаментінің күштері мен құралдары толық жауынгерлік дайындыққа келтіріліп, шақырту орнына 11 сағат 30-да жіберілді.  Өртті жоюға барлығы 82 қызметкер мен 17 техниканың күші мен құралдары жұмылдырылды. Маңғыстау облысы ТЖД-дан 56 қызметкер және 12 бірлік техника (АГВТ-150, АСО-20 КШМ, АР-2, ПНС-150, АЦ-3 бірлік техника, қосалқы 4 бірлік техника), Апатты медицина орталығы - 1 бірлік техника, 3 қызметкер, "Ақберен" ЖШС - 15 қызметкер және 3 бірлік техника, Семсер Қаражанбас МӨҚҚ - 1 бірлік техника, 6 қызметкер, Семсер Қаламқас МӨҚ - 1 бірлік техника, 5 қызметкер", делінген хабарламада.

"Қаратұрын Южный" кен орны Ақтаудан 277 шақырымда орналасқаны нақтыланады.


Ақтау

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды