Абай облысындағы ТЖ: 10 маусым сағат 9-30-дағы жағдай

Сурет: Telegram/qr_tjm
ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі Өртке қарсы қызмет комитетінің төрағасы Нұрболат Дербісов Абай облысындағы орман өртіне қатысты соңғы мәліметтермен бөлісті, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Абай облысы Семей резерватындағы орман өрті бойынша қазір жағдай тұрақты. Таң атқалы өртті барлау жұмысы жүріп жатыр. Қазір тілсіз жаумен күреске 8 тікұшақ жұмылдырылып, өрт сөндіріліп жатыр".ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі Өртке қарсы қызмет комитетінің төрағасы Нұрболат Дербісов

Оның айтуынша, жұмыс барысына күннің ыстығы, жел кедергі келтіріп, орманның ішкі жағына кіруде қиындықтар туындауда.

"Өрт сөндіру жұмысына барлық құзырлы мекеме тартылды. Оның ішінде жергілікті атқарушы органдар, орман шаруашылығы мамандары, Қорғаныс министрлігінің жеке құрамы, тағы басқалар бар", - дейді өртке қарсы қызмет комитетінің басшысы.

ҚР ТЖМ бүгін таңғы сағат 4-тен бастап өрт орнына Қарағанды және Алматы облыстарынан екі әскери бөлімнің әскери қызметшілері жіберілгенін хабарлады. Қазіргі уақытта Абай облысында өртті сөндіру үш учаскеде жалғасуда.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз