Абай облысындағы өртті сөндіру кезінде тағы бір адам жоғалып кетті

Сурет: ҚР ТЖМ баспасөз қызметі
2023 жылғы 9 маусымынан бері Долан орман шаруашылығының тракторшысы Сергей Архипов хабар-ошарсыз кетті, деп хабарлайды Zakon.kz.
Әлеуметтік желіде тараған хабарламада 1987 жылы туған орман шаруашылығы қызметкері Абай облысындағы өртті сөндіруге көмектесуге барғаны айтылады.

"Іздестіру жұмыстарына көмек сұраймыз. Трактор нөмірі – F 937 ARE. Шақыру белгісі – "Марал 61". Қаштаққа "Семей орманы" резерватының Долан бөлімшесінен орман өртін сөндіруге кеткен. Соңғы рет 9-ы күні хабарласқан. Содан бері хабар-ошар жоқ. Көрген-білгендер болса, +7 771 582 2159 нөміріне хабарласыңыз", – делінген хабарламада.

2023 жылғы 8 маусымда Абай облысындағы "Семей орманы" резерваты аумағындағы орман өртеніп жатқаны хабарланды.

Абай облысындағы өрт

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Гинекологқа да барғанмын": қазақстандық eGov жүйесінен күмәнді жазбаларды анықтады

Бублик Медведевпен Almaty Open финалына берілетін жолдаманы сарапқа салады

"Тісі жоқ болғандықтан ұялған": сүйістен бас тартуы жас қазақстандық қыздың өміріне қауіп төндірді

Қазақстандықтар зейнетақы жинақтарының 100 млрд теңгесін жеке басқарушыларға аударған

Каспий теңізінің тартылуынан Ресей аумағы ұлғайды